Accessibility links

Үндістан Пәкістанды содырларына қарсы әрекет етуге шақырды


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх егер Пәкістан бейбітшілік диалогында алғабасушылық болғанын қаласа, онда өз еліндегі содырларға қарсы қатаң шаралар қабылдауы керек деді.

Сингх бұл мәлімдемесін Үндістанның 1947 жылы Британиядан тәуелсіздік алған күніне арналған сөзінде айтты. Ол Пәкістан билігі өз аймағын Үндістанға қарсы террорлық актілер жасайтын орынға айналдырмауы керек, әйтпесе екі елдің бейбіт келіссөздерінде прогрестер болмайды деп айтты.

Үндістан 2008 жылы 166 адамның өліміне әкелген Мумбай шабуылдарынан кейін Пәкістанмен диалогтарын тоқтатып қойған. Бұл шабуыл үшін Пәкістанда орналасқан Лашкар-е-Таиба исламшыл жауынгерлері айыпталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG