Accessibility links

Пан Ги Мун су тасқыны болған Пәкістан аймағына барды


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістанға барды. Ол су тасқыны апатының зардабын тартқан миллиондаған адамға қайрылып сөйлеген сөзінде, осындай қиын кезде халықаралық қауымдастық сіздермен бірге деген жұбанышын жеткізді.

Пан Ги Мун Пәкістандағы халыққа азық-түлік пен қайырымдылық көмектері қалай беріліп жатқанын бақылайтын болады.

Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани елдегі халықтың 10 пайызы 20 миллиондай адам су тасқынынан жапа шегіп, ел тарихындағы ең жаман гуманитарлық дағдарыс болып отыр деді.

Пәкістан елдегі орасан көп адам шығынына қатысты сенбі күні тәуелсіздік мерекесін атап өтуді кейінге қалдырды. Табиғат апаты болған аймақтарда тырысқақ, ішек аурулары тіркелді.
XS
SM
MD
LG