Accessibility links

Ауғанстанда өзбек жауынгерлер полицияға шабуылдады


Ауғанстанда өзбек жауынгерлері бастаған бүлікшіл топ полицияға шабуыл жасап, бір полицияны өлтірді. Жексенбі күні Құндыз провинциясындағы аудан басшысы Хасебулла Моташам хабарлағандай, Али Абад ауданындағы полиция бекетіне бүлікшілер шабуылдаған.

НАТО ресмилері ол шабуылды Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне қарсы Өзбекстан Ислам қозғалысының жетекшісі бастаған деп отыр. АҚШ бұл топты 200 жылы террорлық ұйымдар тізіміне енгізген.

2001 жылы АҚШ бастаған одақтас күштердің соғысы басталғанда, Ауғанстандағы өзбектер бұл елден кетуге мәжбүр болған. Бірақ Пәкістанмен шекара аймақтарында әлі де біразы қалған.
XS
SM
MD
LG