Accessibility links

Ақтөбе облысында 850 гектар алқап өртеніп кетті


Ақтөбе облысында бір күннің ішінде үш бірдей дала өрті шықты деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Тамыздың 14-і, сенбі күні Ақтөбе-Хромтау жолының бойындағы "Благодарный" ауылдық округінде 150 гектар аумақ өртенді. Дәл сол күні Алға ауданындағы тілсіз жау 600 гектар даланы қамтыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ал Әйтеке би ауданында шыққан өрттен 100 гектар алқап отқа оранды.
XS
SM
MD
LG