Accessibility links

Бахрейнде шиит белсенділері тұтқындалды


Бахрейн билігі, қауіпсіздікке қатысты айыптаулардың негізінде тағы үш шиит белсендісінің тұтқындалғанын хабарлады. Бұдан бұрын Азаматтық бостандық пен демократия үшін қозғалысының жетекшісі Абдул Джалил Сингасе тұтқындалған еді.

Сингасе, Лондонда Бахрейндегі адам құқығына қатысты дәріс оқып, қайтып келгенде ұсталды.

Бақылаушылардың сөзінше, қазан айында өтетін парламент сайлауы қарсаңында бұл тұтқындаулар елдегі сүнниттер мен шииттердің өзара қарым-қатынасын нашарлатуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG