Accessibility links

Таиландтың кей аймақтарында төтенше жағдай режимі алынып тасталды


Таиланд үкіметі бүгіннен бастап елдің үш провинциясындағы төтенше жағдай режимін алып тастады. Оппозиция мен билік арасындағы қанды қақтығыстан бері үш ай өткеніне қарамастан ел астанасы Бангкокте режим әлі сақталып отыр.

Үкімет өкілі Напитна Ваттанаягорнның мәлімдеуінше, премьер-министр Абхисита Ветчачиваның тапсырмасы бойынша Чианг Май, Чианг Рай және Убон Ратчатани провинцияларында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.

Режим аясында бес адамнан артық азаматтың бас қосып жиналыс өткізуіне тыйым салынады. Бұл тыйымды бұзғандар әрқандай бір санкциясыз 30 күнге қамауға алынады.

Бұл шаралар 7 сәуірде билікке қарсы наразылық акцияларынан кейін енгізілген еді. Қақтығыс барысында 90 адам қаза болып, екі мыңға жуығы жарақат алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG