Accessibility links

Human Rights Watch: Қырғыз үкіметі де маусым қақтығысына жауапты


Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымның хабарлауынша, Қырғызстанның оңтүстігінде болған маусым айындағы қақтығыста кейбір үкіметтік күштер этникалық өзбектерге қарсы шабуылдарды қоздырған.

Human Rights Watch ұйымының дүйсенбі күні таратқан есебі ел үкіметін бұл жанжалды толық әрі әділ тергеуге ниет танытпай отыр деп сынаған. Бұл баяндамада жүздеген мың этникалық өзбектің босып, мыңдағаны жараланып, жүздегені қырылған қақтығысқа қатысты үкіметтің өз тергеуі дұрыс жүргізілмей отыр деп айтылған.

Human Rights Watch ЕҚЫҰ-ның кеңес беруші полиция күштерінің аздаған тобын Қырғызстанның оңтүстігіне орнатуды тезірек қолға алуға шақырған. Сондай-ақ, адам құқын қорғаушы ұйым БҰҰ-ға да қайрылып, Қырғызстандағы маусым қақтығысы мен оның салдарын халықаралық тұрғыда тергеуді қолдауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG