Accessibility links

Иран 2011 жылы тағы бір уран байытатын зауыт салмақшы


Иран өзінің ядролық жұмыстарына қарсы біраз елдің санкция жариялағанына қарамастан, үшінші уран байыту зауытын 2011 жылдың басында сала бастайтындығын айтты.

Иранның атом істері жөніндегі ұйымының басшысы Али Акбар Салехидің бұл мәлімдемесі жексенбі күні мемлекеттік веб сайтта жарияланды. Ол "уран байытатын орындар қарастыру аяқталды, оның біреуінің құрылысы келесі жылдың наурызында басталады" деді.

Иранның Натанз қаласында уран байытатын үлкен зауыт бар. Теһранның оңтүстік-батысындағы Фордо тауларының ішінде екінші зауыт салынып жатыр.
XS
SM
MD
LG