Accessibility links

Иран таэквонда жарысынан шығып, алтын медалді израилдік бала алды


Сингапурдегі Жасөспірімдердің І жазғы олимпиадасында ирандық қарсыласы ойыннан шығып кеткен соң, бас жүлде Израиль таэквондошысына бұйырды.

Иран спортшысы израилдік Гили Хаймовицпен бақ сынасу керек болатын. Алайда Иран делегациясы ауыр жарақатын емдеу үшін ауруханаға жатқызылды деп Мохаммад Солейманиды жарыстан шығарып алды.

Associated Press агенттігіне Израильдің ресми өкілдері Иранның жарыстан шығуының саяси астары бар, себебі Иран Израилді мемлекет ретінде мойындамайды деді. 14 пен 18 жас арасындағы жасөспірімдердің олимпиадалық ойындары бірінші рет өтіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG