Accessibility links

БҰҰ: Борсыған судан 3,5 млн. бала ішек ауруларына тап болу мүмкін


Бүгін БҰҰ хабарлағандай, Пәкістандағы су тасқынынан 3,5 миллион балаға ішек аурулары қаупі төніп тұр.

Ұйымның өкілі Маурицио Джулианоның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ ауруы тараған жағдайда 140 мың адамға көмектесуге дайын отыр. Бірақ аймақта борсыған судан болатын аурулар көбеюі мүмкін. Су шайып кеткен аймақтарға ауыз су жеткізу қиындық тудырды.

Жексенбі күні Пәкістанға барған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун табиғат апаты әкелген гуманитарлық дағдарыс жүрек сыздатады деп айтты. Су тасқыны 20 миллион халыққа зардабын тигізіп отыр.
XS
SM
MD
LG