Accessibility links

Карзай жекеменшік қауіпсіздік фирмаларына 4 ай уақыт берді


Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың өкілі Вахид Омер хабарлағандай, елдегі жекеменшік қауіпсіздік компанияларына жұмыстарын тоқтатуына 4 ай мерзім берілді.

АҚШ генералы Маргарет Бур президент Карзайдың бұл хабарламасын қолдап, АҚШ әскерилері үкіметпен әріптестік құруға міндеттеме алғанын айтты. Генерал Бур маусым айында елде жұмыс жасап жатқан 26 мың қауіпсіздік фирмаларын бақылауға міндеттенген еді.

Бұдан бұрын жекеменшік компаниялар заңнан тыс әрекеттерге барып, үкіметтік күштерге қарсы жұмыс істеді деп сыналған болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG