Accessibility links

Бухаресте перзентхана жарылып, үш сәби мерт болды


Бухарест перзентханасындағы жарылыстан үш сәби көз жұмып, сегіз бала ауыр жараланды. Аяғы ауыр екі әйелдің де жағдайлары қиын. Гиулетсидегі перзентхана 16 тамыз күні жарылған еді.

Билік өкілдерінің бірі жарылыс аурухананың екінші қабатында болғанын, оның түтіні желдеткіш жүйесі арқылы емдеу бөліміне тарағанын айтады. Жарылыстың себебі анықталмады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG