Accessibility links

Өзбекстанның исламдық қозғалысы Тахир Юлдашевтың өлгендігін мәлімдеді


Кейбір дерек көздері Өзбекстан ислам қозғалысының басшысы, Орталық Азиядағы қолға түспей жүрген жасақшы Тахир Юлдашевтың қаза тапқанын айтады. Ондай қозғалыстардың іс-әрекеттерін бақылайтын Америкалық SITE барлау тобы "Өзбекстан исламдық қозғалысы түрі Тахир Юлдашевке келетін сақалды ер адамның суреттерін жариялады" деп атап көрсеткен.

Одан басқа егжей-тегжейі белгісіз. Қозғалыс көсемі мерт болды деген ақпаратты анықтау әзірше мүмкін болмай отыр. Тахир Юлдашевті бұған дейін де бірнеше рет "өлді" деп хабарлаған. Өткен жылы да сондай ақпарат тараған. Ол кезде Пәкістанның барлау қызметі "Юлдашев Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристанды АҚШ күштері атқылаған кезде қаза тапты" деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG