Accessibility links

Пәкістанның қайта қалпына келуіне 15 млрд доллар қажет


Пәкістанның қайта қалпына келіп, апаттан зардап инфрақұрылымдарды іске қосылуы үшін 10-15 миллиард долларға дейін қаржы қажет. Бұл туралы Reuters агенттігіне Пәкістанның ресми өкілі Ваджид Шамсул Хасан мәлімдеді. Ол сондай-ақ, инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіруге кем дегенде бес жыл уақыт қажет екендігін атап өтті.

Соңғы айда толассыз жауған жауын салдарынан Пәкістан территориясының бестен бір бөлігі су астында қалды.

Би-би-си агенттігінің ақпараты бойынша Дүниежүзілік банк Пәкістанға 900 миллион доллар бөлуді көздеп отыр.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету мақсатында қажетті 460 миллионның әзірге тек төрттен бірі ғана жиналған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG