Accessibility links

Тәліптер ауғандық ер мен әйелді таспен ұрып өлтірді


Ауғанстанның солтүстігіндегі ресми өкілдің хабарлауынша, тәліптер зинақорлық жасады деген айыппен бір еркек пен әйелді таспен ұрып өлтірді.

Құндыз провинциясының басшысы Мохаммад Омар жиырма жас шамасындағы жігіт пен келіншекті жексенбі күні базар алдында өлгенше таспен ұрған. Тәліптер оларды некеге адалдықты сақтамады деп айыптады.

Осы айдың басында тәліптер Ауғанстанның батысында еріне опасыздық жасады деген айыппен жүкті әйелді де осындай жазамен өлтірген еді. Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссиясының өкілі Надер Надери бұл оқиғаны адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG