Accessibility links

Иранның ядролық зауыты маңына ұшақ құлады


Иранның жартылай ресми "Мехр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Иранның оңтүстігіндегі ядролық зауыт жанында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтағы екі ұшқыш жараланған.

Жергілікті үкімет өкілі Голам Реза Кешткардың айтуынша, апат тамыздың 21-інде іске қосылатын Бушер атом электр стансасы маңында болды.

Жергілікті өкілдің сөзіне қарағанда, ұшқыштар ұшақтан секіріп үлгерген. Олар ауруханаға жатқызылды, бірақ жағдайлары туралы әзірге толығырақ мәлімет жоқ.
XS
SM
MD
LG