Accessibility links

Исламшыл вебсайт Тахир Юлдаштың өлімін растады


Өзбекстанның исламдық қозғалысымен байланысы бар вебсайт Тахир Юлдаштың өлімін растады. Әл-Қаидамен байланысты делінген Орталық Азиядағы Өзбекстанның ислам қозғалысының жетекшісі іздеуде жүрген еді.

Furqon.com вебпарақшасы қаза болған бір адамның суреттерін жариялап, оны Юлдаштың мәйіті деп отыр. Өткен жылы АҚШ-тың зымыран шабуылынан қаза тапқан оның өлімі туралы мәлімет құпия ұсталған делінген вебсайттағы мәлімдемеде.

Юлдаштың қазасы туралы осыған дейін бірнеше рет хабарланып, бірақ расталмай келген болатын. Өзбекстанның исламдық қозғалысы да өз жетекшілерінің тірі екенін айтудан танбаған еді.
XS
SM
MD
LG