Accessibility links

Сочиде президенттер кездесуі өтеді


Бүгін Сочиде Ресей, Ауғанстан, Пәкістан және Тәжікстан президенттерінің кездесуі өтеді.

Кездесудің негізгі тақырыбы - Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуы мен есірткіге қарсы күресте көмектесу болып табылады. Сауда мен экономикалық байланыс та назардан тыс қалмайды деп хабарланып отыр.

Одан өзге Дмитрий Медведев, Хамид Карзай, Асиф Али Зардари мен Эмомали Рахмон апатты су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға, халықаралық қауымдастықты көмектесуге шақыратын бірлескен мәлімдеме жасамақ.

XS
SM
MD
LG