Accessibility links

Италияның бұрынғы президенті қайтыс болды


Италияның бұрынғы президенті Франческо Коссига 82 жасында Римде қайтыс болды. Жүрегі сыр берген Коссига осыдан сегіз күн бұрын Римдегі танымал "Джемелли" ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Христиан-демократиялық партиясының ардагері Коссига 70 жасында ішкі істер министрлігін басқарған, ал 1985 жылдан 1992 жылға дейін Италияның президенті болған.

Өмірінің соңына дейін Франческо Коссига елдің саяси өмірінде белсенді атсалысып келді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG