Accessibility links

Оңтүстік Африкада мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықпақшы


Сәрсенбі күні Оңтүстік Африканың мемлекеттік қызметкерлері жалақының көтерілуін талап етіп, ереуілге шықпақшы.

Кәсіподақтар конгрессі ел үкіметінің жалақыны тек 7%-ға көтереміз дегенімен келіспей отыр. Мемлекеттік қызметкерлер өз айлығын кем дегенде 8,6%-ға көтеруді талап етуде.

Оңтүстік Африка заңы бойынша полиция мен медицина қызметкерлерінің ереуілге шығуына тыйым салынған, алайда кәсіподақтар оларды бүгінгі наразылық шарасына қатысуға шақырып отыр.

Өткен аптада мемлекеттік қызметкерлер наразылық шарасын ұйымдастырып, өз талаптарын Претория мен Кейптаун билігіне жіберген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG