Accessibility links

«Астана» велокомандасы чех шабандозымен келісім-шарт жасасты


«Астана» велокомандасы чех шабандозы Роман Кройцигермен келісім-шартқа қол қойды деп хабарлады сyclingnews.com.

24 жасар спортшы бұған дейін Liquigas командасында бес маусым бойы өнер көрсетті. Ол Тур Швейцария - 2008, Тур Романдия - 2009, Тур Сардиния - 2010 жарыстарының жеңімпазы. Соңғы Тур де Франста 9-орын иеленді.

Өткен айда әйгілі «Тур де Франс» халықаралық велотурнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Альберто Контадор 2010 жылдың жарыс маусымын жеңіспен аяқтаған соң «Астана» велотобынан кетті. Ол осы топтың құрамында екі дүркін «Тур де Франс» сайысының жеңімпазы атанды. Контадор келесі жылы жарысқа даниялық «Saxo Bank» жейдесін киіп шығатын болды. Клуб басшылығы испан спортшысымен келісім-шартқа отырғандығын хабарлады. Бірақ келісім құны айтылмады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG