Accessibility links

Астанада сотталғандардың туыстары наразылық шарасын өткізді


Бүгін Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ғимаратының алдында Гранитный түрмесіндегі сотталғандардың туған-туыстары наразылық жиынын өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Олар Ақмола облысы Гранитный кентіндегі ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде бүлік ұйымдастырған туыстарымен кездесе алмай отырғандықтарына наразы. Осымен үшінші рет комитет басшысы Марат Шабақбаевпен кездеспек болды. Бірақ бүгін де кездесе алмады. Жиналғандардың алдына комитеттің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов шықты. Ол "қазір сотталғандардырдың туыстарымен кездесулері қайта қалпына келтірілгендігін" айтты.

Комитет ғимаратының алдына Гранитный түрмесінің бұрынғы сотталғандар да келіп, түзету мекемесіндегі ішкі жағдайға қатысты журналистерге сұхбат берді. Шамамен бір сағаттан кейін жиналғандар тарап кетті.

Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный елді мекенінде орналасқан жалпы режимдегі түрмеде тамыздың 8-і күні кешке бүлік шыққан болатын. Бүлікті басуға ішкі істер әскері мен Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Қақтығыс кезінде жазасын өтеп жатқан екі адам қаза болып, 80-нен астам кісі жарақат алғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG