Accessibility links

Жоғалған Эдгар Салдузиге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды


Алматы қаласының қаржы полициясы SM market дүкендер желісі иелерінің бірі Эдгар Салдузиге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" агенттігі.

Салдузиге аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды. Қаржы полициясы кәсіпкерді іздестіріп жатыр. Тергеу Салдузидің белгісіз жағдайда жоғалып кеткендігіне қатысты түрлі болжам айтады. Ол болжамдардың бірі - кәсіпкер қаржы полициясынан әдейі жасырынуы мүмкін.

Тамыздың 16-сы күні кәсіпкердің әйелі Анастасия Салдузи "күйеуім жоғалып кетті" деп Медеу аудандық ішкі істер басқармасына арыз жазған. Кәсіпкерді тамыздың 14-інен бері ешкім көрмеген. Эдгар Салдузидің әйелі ерінің жоғалып кету себебін оның жұмысынан көреді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG