Accessibility links

Қазақстан қоржынына Олимпиада ойындарының тағы бір қола медалі түсті


Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Субай (77 кг-ға дейін) Сингапурдағы жастар арасындағы Олимпиада ойындарында қола медальға қол жеткізді.

Субай екі күресте 285 кг ұпай жинады, оның көрсеткен нәтижесі келесідей: серпе көтеруде - 130 кг және күшпен көтеруде -155 кг. «Алтынды» ресейлік Артем Окулов (327 кг) қоржынына салды. Күміс медаль тайлық Чатуфума Чиннавонға (311 кг) бұйырды.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашы төрт күнінің қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медальды қоржынға салды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG