Accessibility links

Ауғанстанда ауыл тұрғындары наразылық шарасына шықты


Бүгін Ауғанстанның ауылды аймақтарының 600-ге тарта тұрғыны мемлекеттік маңызы бар тас жолды жауып тастады. Олар Сурх Род аймағында екі тұрғынның НАТО күштерінің рейді барысында қаза тапқандығына наразылық білдіріп жатыр. НАТО болса, 17-ші тамызда өткен операцияның мақсаты жарылғыш зат дайындайтын тәбіпті тұтқындау болғандығын айтады.

Жергілікті полиция өкілі Абдул Гхафор Френч Пресс агенттігіне берген сұхбатында, қаза тапқан азаматтар бейбіт тұрғындар екендігін, одан өзге тағы үш адамды НАТО жасағы тұтқынға алғандығын мәлімдеді.

НАТО жауынгерлерінің сөзінше, рейд барысында оларға қарсы оқ атылған, сондықтан олар да оқ атып жауап берген. Дегенмен жауынгерлер өздерінің бейбіт тұрғындарды емес бүлікшілерге оқ атқандығын айтып отыр.

Жергілікті тұрғындар наразылық шарасы барысында "Америкалықтарға өлім", "Карзайға өлім" сияқты ұран тастады. Жабылған күре жол Нангахарды шығысында Пәкістанмен, солтүстік-батысында Кабулмен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG