Accessibility links

Венесуэла газетте өлген адамның суретін жариялауға тыйым салды


Венесуэла соты елдегі басылымдарға өлген адамның суреті мен зорлықтың кез келген көрінісін бейнелеуге бір айға тыйым салды.

Мұндай шешім, екі оппозициялық басылымның бетінде оққа ұшқан адамдардың өлі денесі жарияланғаннан кейін қабылданып отыр. Суретте өлі денелер бірінің үстіне бірі тасталған қалпында жатыр.

Ел билігі бұл тыйым балаларды қорғау мақсатында салынғандығын айтады.

Алайда басылым өкілдері, бұл шешімді қыркүйек айында елде болатын парламент сайлауының алдындағы сөз бостандығына қойылған шектеудің бір түрі деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG