Accessibility links

Пхеньян оңтүстік кореялық кеменің ұсталғанын растады


Бейсенбі күні Солтүстік Корея оңтүстік кореялық балықшылар кемесінің тамыздың 8 күні ұсталғандығын растады.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, балықшылар Солтүстік Кореяның экономикалық аймағында кәсіп еткендіктен шекарашылар қайықты ұстаған.

Қайықта 7 адам - төрт Оңтүстік Кореялық азамат және үш Қытай азаматы болған. Сеул балықшылар ұсталған күні-ақ Солтүстік Кореядан оларды қайтаруды талап етті.
XS
SM
MD
LG