Accessibility links

Қытайда көпір қирап, жолаушы пойызы өзенге құлады


Қытайдың Сычуань порвинциясында көпір қирап, жолаушы пойызы рельстен шығып кетті. Екі вагон өзенге құлап, өзен ағысы оларды оқиға орнынан 200 метрге алып кеткен. Көпірдің опырылуына елдегі нөсер жауын себеп болып отыр.

Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге құлаған екі вагонда қанша адам болғандығы белгісіз. Қалған бес вагондағы адам дін аман, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG