Accessibility links

Боливияда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды


Боливия билігі жойқын орман өртіне байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Бір жарым миллион гектар орман өртеніп кетті. Ел аумағында 25 мыңдай өрт тіркелді.

Боливия президенті Эво Моралес өрт сөндіретін ұшақтардың аздығынан өртті сөндіре алмай жатқандарын мәлімдеді. Ел үкіметі Бразилия мен Аргентинадан көмек сұрады.
XS
SM
MD
LG