Accessibility links

Араб теңізінде ирандық сегіз теңізші құтқарылды


Америкалық әскерилер Араб теңізінде кемелері өртеніп жатқан сегіз Иран теңізшісін құтқарып қалды.

Әскерилердің мәлімдеуінше, құтқару операциясына «Гарри Трумен» атом авиатасығышынан ұшқан екі тікұшақ қатысқан. АҚШ әскери-теңіз күштерінің өкілдері құтқарылған теңізшілер үйлеріне аман-есен қайтудың бар шарасы жасалғанша атом кемесінде тұра беретіндерін мәлімдеді.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің авиатасығышы Ауғанстандағы «Мызғымас бостандық» деген әскери операцияға қатысып жүр.
XS
SM
MD
LG