Accessibility links

Карзайға коррупцияға қатысты іске араласты деген айып тағылды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай коррупцияға қатысы бар деп айыпталған бұрынғы жақын көмекшісін тұтқыннан босатуға өзі тікелей араласты дейді «Вашингтон Пост» газеті. Оның кеңесшісі Мохаммад Зиа Салехиге пара берді деген айып тағылған.

Газеттің жазуынша, Хамид Карзайдың көмекшісін тергеуге «Талибан» содырларымен телефон арқылы сөйлескені де себеп болған. Оны тұтқындау санкциясына Ауғанстанның бас прокуроры қол қойған. Ауғанстан билігіндегі беймәлім дерек көздеріне сүйенген «Вашингтон Пост» газеті Хамид Карзайдың қатысы бар екенін мәлімдеді.

Хамид Карзайдың өкілі Вахид Омер бұған байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ президенттің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Насрулла Станкези "Мохаммада Зиа Салехиді босатуға Хамид Карзайдың қатысы бар" деген қауесетті жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG