Accessibility links

Израиль мен Палестина жуық арада келіссөздерді жандандыруы мүмкін


Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі Палестина мен Израильдің арасындағы тікелей келіссөз жуық арада болуы мүмкін. АҚШ Мемлекеттік департаментіндегілердіңі сөзінше, келіссөзді жандандыру туралы тараптар арасындағы келісімге «қол жеткізіліп отыр».

Дереккөздің атап көрсетуінше, тамыздың 20-сында таяушығыс проблемасымен айналысатын құрамына ған АҚШ, Ресей, Еуропалық Одақ және БҰҰ кіретін "келіссөз төрттігінің" ресми мәлімдемесі жасалып, онда келіссөздің басталу мерзімі жарияланбақ.

Тель-Авив пен Рамалланың арасындағы келіссөз 2008 жылдың соңында тоқтап қалған еді.Сол жолы Израиль Газа секторында билік жүргізуші ХАМАС қозғалысының әскери инфрақұрылымын жоюды мақсат еткен операцияны бастаған.
XS
SM
MD
LG