Accessibility links

Сеул Пхеньянның кешірім сұрауын талап етті


Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен ядролық қарусыздандыруға қатысты келіссіздер жүргізбес бұрын Пхеньянның өзінен кешірім сұрауын талап етіп отыр. Оңтүстік Кореяның әділет министрлігінің өкілі Шин Майонг-Хо «Пхеньян «Чхонанға» шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек» деп мәлімдеді.

Ядролық қарусыздандыруға қатысты келіссөздер осы жылдың сәуір айында тоқтатылған еді.

Екі ел арасындағы ахуал «Чхонан» корветінің апатынан кейін нашарлады. Оңтүстік Корея корветке жасалған шабуылға, әскери кемедегі 46 теңізшінің өліміне Пхеньянның қатысы бар екендігін айтады. Ал Пхеньян бұл айыпты мойындамай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG