Accessibility links

Алматыдағы М.Мәметова көлінен еш қауіп жоқ


Алматыдағы М.Мәметова мұздығындағы №6 көлге тексеру жүргізген комиссия, 2010-жылы көлден еш қауіп болмайды, деп шешім шығарған. Бұл туралы бүгін, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір көлдің деңгейін азайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлдің ені сегіз метрге қысқарып ұзындығы 30 пайызға ұзарған.

Мамыр айында мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, «Кіші Алматы жоталарының біріндегі №6 мұзды көл ерісі Алматыны сел алып кетеді» деп Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған. Осыдан кейін арнайы комиссия құрылып тексеріп шықғы еш қауіп жоқтығы анықталып отыр.
XS
SM
MD
LG