Accessibility links

Су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға көбірек көмек беріледі


БҰҰ-ның су тасқыны апатының зардабын тартқан Пәкістанға сұраған 460 миллион халықаралық көмегі жиналып қалды. Бейсенбі күні БҰҰ бас ассамблеясының төтенше жиынында АҚШ пен басқа да елдер пәкістандықтарға көбірек қаржы бөлуге сөз берді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістандағы табиғат апатының салдары цунамиден кем емес екенін айтты. Бас ассамблеяның жиынынан кейін Пәкістанның сыртқы істер министрі Махмуд Куреши өз еліне 460 миллион доллар бөлінетініне кепілдік алғанына тоқталды.

Пәкістанда орын алған алапат су тасқынынан 20 миллион адам зиян шекті. АҚШ бұл елге тағы 60 миллион доллар беруге келісіп, барлық көмегін 150 миллионға жеткізейін деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG