Accessibility links

Ресей президенті Арменияда сапармен жүр


Ресей президенті Дмитрий Медведев екі күндік сапармен Арменияға барды. Жұма күні ол армениялық әріптесі Серж Саргсянмен екі елдің делегациясының басын қосып ресми келіссөздер өткізеді.

Медведев Арменияда Ресей әскерінің қалу мерзімін ұзартатын келісімге қол қоймақшы. Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандян Ресей әскерінің базасына қатысты бұл келісім 2044 жылға дейін созылады деп айтқан.

Медведев сондай-ақ тамыздың 20-22 күндері Армения астанасында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының бейресми кездесуіне қатысады.
XS
SM
MD
LG