Accessibility links

Қырғыз шерушілері еңбек министріне шабуылдады


Қырғызстанның Ош қаласы әкімін қолдап көшеге шыққан 2 мыңдай шеруші үкіметтің халықты тыныштандыруға жіберген өкіліне шабуылдады. Шерушілер екі күннен бері "орталық үкіметті сынағаны үшін қала басшысы Мелс Мырзакматов орнынан алынған екен" деген қауесеттен кейін оған қолдау көрсетіп жатыр.

Мырзакматов жұма күні Ошқа оралды. Ол шерушілер алдында сөйлеген сөзінде өзін Бішкекте 3 күн қамауда ұстап, орнынан кетуін талап еткенін мәлімдеді. Ол орнында қалатынын айтып отыр. Мырзакматов сәуір айында биліктен құлатылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің жақтасы болған.

Шерушілер бұған дейін еңбек министрі Айгүл Рыскуловаға шабуылдаған еді. Министрді оққағары көлікке мінгізіп әкеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG