Accessibility links

Бағдадтағы шабуылға жауапкершілікті әл-Қаидамен байланысты топ алды


Осы аптаның басында Бағдадтағы әскерге қабылдайтын орталықта болған жанкештілік шабуылға жауапкершілікті әл-Қаидамен байланысты топ алып отыр.

Ирақтың исламшыл мемлекеті деп аталған топтың мәлімдемесінде, бұл шабуыл сүнниттерге қарсы соғыста дінін сатқан шийтерді нысанаға алды делінген. Ирақтағы сүннит бүлікшілерінің бұл тобы әл-Қаидамен байланысты.

Олардың шабуылынан сейсенбі күні армияға қабылданушы кемінде 58 адам қаза тауып, 130 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG