Accessibility links

Ресей астық сатып алуды жоспарлап отырған жоқ


Ресейдің Ауылшаруашылық министрлігі елдегі егін алқаптары құрғақшылықтан қурап кеткеніне қарамастан, астық импортын жоспарламай отырғанын айтты.

Бейсенбі күні "Ведомости" газеті министрліктің жоғары өкілінің сөзін келтіріп, Ресей кемінде 5 миллион тонна астық сатып алуы мүмкін, оның көбісі Қазақстаннан алынады деген. Бұл хабар астық бағасын қымбаттатып жіберді.

Бірақ министрлік өкілі Олег Оксеньев жұма күні ол ақпаратты жоққа шығарып, Ресей астық импортын жоспарлап отырған жоқ, ол жайында Қазақстанмен ешқандайда келіссөздер болмады деді.

Әлемдегі ірі астық өндірушілердің бірі - Ресейде осы жаздағы аптап ыстықтан егін алқаптары күйіп кеткен соң, астық экспортына жыл соңына дейін тыйым салынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG