Accessibility links

Израиль - Палестина бейбіт келіссөздерді қайта бастайды


Палестинаны Азат ету ұйымының жетекшілері Израилмен бейбіт келіссөздер өткізу үшін АҚШ-тың Вашингтонға шақырғанын қабыл алуға сөз берді.

Алайда палестиналық мәмілегер Саеб Ерекат егер израилдіктер Батыс жағалауда жаңа қоныстану үйлерін тұрғызатын болса, палестиндіктер тікелей бейбіт келіссөзден шығып кететінін ескертті. Израиль де АҚШ-тың ұсынысын қабылдады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Палестина мен Израиль бейбіт келіссөздер үшін АҚШ-қа шақырылды деп мәлімдеген.

Клинтонның айтуынша, бұл келіссөздерге сондай-ақ, Иордания патшасы Абдулла, Мысыр президенті Хосни Мүбарак және халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыс бойынша мәмілегері Тони Блэйр шақырылды.
Келіссөздер шекара, Иерусалим және палестиналық босқындар мәселелерін реттеуге бағытталады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG