Accessibility links

Иран ядролық реакторының жұмысын бастады


Бүгін Иран өзінің алғашқы атом электр стансасын іске қосты. Елдің оңтүстігіндегі портты қала Бушерде Ресейдің салған реакторына ядролық отын толтырыла бастады. Оның ашылу салтанатына Иран мен Ресейдің ядролық мамандары қатысты.

Иран бұл жерде электр қуатын өңдеуді күзде бастайды. Салынып жатқанына 35 жыл болған Бушер электр стансасының құрылысына қатысқан Ресей де бұл стансаны 82 тонна ядролық отынмен қамтамасыз етіп, басқа мақсаттарға пайдаланылмауы үшін оның қалдықтарын өзі алатын болады.

Батыс елдері Теһранды ядролық қару жасап жатыр деп айыптайды. Иран өзінің ядролық бағдарламасы, оның ішінде Бушер атом электр стансасы бейбіт мақсатта жұмыс істейтінін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG