Accessibility links

Керри: ауған президенті коррупцияға қарсы уәде берді


АҚШ сенаторының айтуынша, Ауғанстан президенті Хамид Карзай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің тәуелсіздігін сыйлауға сөз берді.

Осы аптаның басында Пәкістанға барар алдында Ауғанстанда болып қайтқан Джон Керри жұма күні қайтадан Кабулға соққан. Ол өзіне Карзай коррупциялық мәселелер туралы сөйлескісі келетінін білдіріп, бұл елге қайта оралғанын айтты.

Жұма күні Карзай сыбайлас жемқорлық айыптарына араласты деп айыпталған. Ол өзінің бұрынғы көмекшісін коррупциялық айыптардан құтқаруға тікелей араласты деп жазған «Вашингтон Пост» басылымы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG