Accessibility links

Ресей Мәскеу метросына шабуыл жасағандарды өлтірді


Ресейдің ақпарат көздері хабарлағандай, қауіпісздік күштері Солтүстік Кавказдағы бүлікшілерге қарсы операциясы кезінде бірнеше жасақты өлтірген. Олардың ішінде наурыз айында Мәскеу метросына шабуылды ұйымдастырғандар болуы мүмкін деп айтылған.

Ресей қауіпсіздік күштерінің айтуынша, шабуылға жауапты ретінде іздеуде болған Магомедали Вагабов Дағыстандағы операция кезінде өлтірілген.

Наурыздың 29-ы күні Мәскеу метросында екі бірдей әйелдің жанкештілік шабуылы 40 адамның өмірін қиып, тағы 100 шақты кісі жараланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG