Accessibility links

WikiLeaks сайтының иесі Швецияда зорлық жасаған деп айыпталды


Швеция прокурорлары өздерінің WikiLeaks сайтының құрылтайшысы Джулиан Эссанджды қыз зорлаған деген айыппен қамауға алатындықтарын айтып отыр.

Көпшілікке мәлім емес деректерді жариялап отыратын вебсайт жақында АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы соғысына қатысты мыңдаған құпия мәліметтерді қоғамға жариялап жіберген болатын.

Сайтты құрушы Эссандж өзіне қарсы айыптауларға еш негіз жоқ деп айтты. Австралиялық ол Ауғанстандағы соғысқа қатысты тағы 15 мың құжатты жариялайтынын айтқан болатын. Өткен аптада ол сайттың Швециядағы серверінде болып қайтқан.
XS
SM
MD
LG