Accessibility links

Пәкістанның апат салдарын еңсеруі экономикалық мәселеге тіреледі


Халықаралық валюта қоры мәлімдегендей, су тасқынынан қираған Пәкістанды қалпына келтіру елге үлкен экономикалық проблема тудырып отыр. Қаржы қоры Пәкістанның бюджеті мен қаржылық мүмкіндіктерін қайта қарап, елдің алға жылжуы үшін қандай шаралар жасау керек дегенді қолға алу керек дейді.

Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия бойынша департаментінің директоры Масуд Ахмед осындай қиын кезеңде қаржы қоры Пәкістанмен бірге болады әрі өз тарапынан елге көмектеседі деп айтты.

Қордың бұл мәлімдемесі алдағы аптада Вашингтонда су тасқыны апатына байланысты Пәкістанның ресми өкілдері мен Халықаралық валюта қорының келіссөздері қарсаңында айтылып отыр.

Пәкістан үкіметі елді қалпына келтіру үшін 15 миллиард доллар қажет болуы мүмкін деді. Ең үлкен апатқа айналған су тасқынынан 1600 адам қаза тауып, 20 миллион халық зардап шекті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG