Accessibility links

Анджелина Жоли Босния соғысы жайлы романтикалық киноға түседі


Голливуд жұлдызы Анджелина Жоли өзінің Балқанда махаббат туралы киноға түсетінін айтты. Жоли бұл жоспары жайлы сенбі күні күтпеген жерден Босния астанасына барғанда жариялады. Ол 1992-1995 жылдардағы Босния соғысы кезіндегі екі жастың арасындағы сезімге соғыстың әсері туралы көрсететін романтикалық фильмге түспекші.

Жолидің мәлімдемесінде бұрынғы Югославияның этникалық түрлі топтары қатысатын бұл киноның мақсаты саяси емес махаббат жайлы баяндау деп айтылған.

БҰҰ-ның Босқындар ісімен айналысатын агенттігіндегі бейбітшілік елшісі Анджелина Жоли Сараеводағы сапары кезінде Босния жетекшілерін азаматтық соғыстың мыңдаған босқынын елге қайтаруды тездетуге шақырды. Ол сондай-ақ босқындар мәселесін елдің үшжақты жетекшісімен талқылады.
XS
SM
MD
LG