Accessibility links

Мысыр: Ван Гогтың ұрланған суреті әзірге табылмады


Қаир қаласындағы мұражайдан Винсент Ван Гогтың құны 50 миллион доллар болатын туындысын ұрлағанда қауіпсіздік дабылы іске қосылмай қалған.

Сенбі күні жақтауынан кесіп алынған суретші Ван Гогтың “Көкнәр гүлі” және “Гүлі бар ваза” деп аталатын екі шығармасы әлі табылған жоқ.

Мысыр прокуроры Абдел Мегид Махмудтың айтуынша, ұрлық жасалып жатқанда, Махмуд Халил музейінің ешбір дабылы істемей, 43 қауіпсіздік камерасының тек жетеуі ғана жұмыс істеп тұрған.

Осымен екінші рет дәл осы музейден Ван Гогтың туындылары ұрланып отыр. 1978 жылы ұрланған суретті кейін Кувейттен тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG