Accessibility links

Нью-Йоркте мешіт құрылысына қатысты екі тараптың шеруі өтті


Өткен жексенбіде Нью-Йоркте 2001 жылы 11 қыркүйекте қираған Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттары тұрған жердің маңына мешіт салу жобасын қолдаушылар мен оған қарсылық білдірушілердің шеруі өтті. Шеруге екі жақтан жүзге тарта адам қатысты. Полиция оларды қақтығыстырмай, бөліп тұрды.

Араларындағы екі қадамды тек полиция қоршауы ғана бөлген топтың бірі «Мешіт салынбайды! Бұдан ештеңе өнбейді!» деген жазуы бар қағаз ұстап тұрды. Қарсыластары: «Нәсілшіл үрей жойылсын!» деп айғайлады.

Ислам мәдени орталығы өкілдері мен құрылысшылар мешітті лаңкестік шабуыл болған жерден екі көше ары таман салмақ болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG