Accessibility links

Иран зымыран ататын қайықтар жасап шығаруда


Бүгін ирандық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Ислам республикасы зымыранмен атқылай алатын шабуылдаушы екі қайық жасап, шығара бастады.

Иранның қорғаныс министрі Ахмад Вахидидің айтуынша, енді армия барлық мүмкіндігімен Парсы шығанағының, Оман теңізі мен Хормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Екі қайық Серай жән Золфахар деп аталған. Ресми өкілдер бұл қайықтар шабуылдау операциялары мен күзетке пайдаланылады деген. Министр Вахиди сондай-ақ ондағы зымырандар 3 мың тоннадан аса көзделген нысанды қирата алады деп айтқан.

Жексенбі күні Иран президенті адам жоқ бомбалаушы ұшақтың жасап шығарылғанымен таныстырған.
XS
SM
MD
LG