Accessibility links

Өзбекстан жарылғыш заттармен ұсталған 11 қырғызды босатты


Тау-кен жұмыстары үшін қолданылатын жарылғыш заттар тасып бара жатқанда Өзбекстанмен шекарада ұсталған 11 қырғыз бүгін босатылып, үйлеріне оралды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Шілденің 23-де Тәжікстанның химиялық зауытынан 40 тонна жарылғыш зат әкетіп бара жатқан қырғыздар Өзбекстанмен шекарада қамауға алынған болатын. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан билігімен келіссөздер жүргізіп, оларды босатып алды.

Ол жарылғыш заттар Қырғызстанның геологиялық корпорациясына қажет болған. Бұл компания өкілі Талай Кудушев енді ол заттарды Өзбекстаннан Қырғызстанға қайтарып алу үшін қосымша құжаттар дайындалып жатыр, ол заттарды қайтару бір айға созылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG